Жол полициясы қызметкерлеріне пара бермек болған 7 адам сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында пара алумен қатар пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Ағымдағы жылы жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол полициясы қызметкерлеріне пара беруге оқталған 7 жүргізуші сотталды.
Полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттер заңсыз екендігі және оған қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертуіне қарамастан, пара берушілердің заңсыз әрекеттері тоқтаған жоқ.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының санкциясына сәйкес  мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Астана қаласының прокуратурасы