Бұзақылықтың алдын алу

Бұзақылық жасалған кезде қоғамдық тәртіп, азаматтардың тыныштығы, ортақ ережелер, кәсіпорынның, мекеме не ұйымның бір қалыпты жұмысы дөрекі түрде бұзылады. Сонымен қатар бұзақылық, көбінесе өзге де ауыр кылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады.

Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін қайсы бір жағдайларда одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық, екеніне дау жоқ.

Бұзақылық — тұрмыс салты мен қоғамдық тәртіптің бірден бір жауы. Осы қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 2)тармағында бұзақылықтан жәбір көретіндердің тізімі: өкімет өкілі, қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге де адамдар деп тура көрсетілген. Өкімет өкіліне қоғамдық тәртіпті бұзушылықты тыюға құзыретті барлық лауазым адамдары жатады.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салушы өзге адамдар деп өкімет өкіліне немесе ұйымдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетті атқаруға жатпайтын басқа адамдардың азаматтық борышын өтеп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушыларды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 293-бабында көрсетілген әрекеттерді істеу барысында азаматтардың мазасы кетіп, қорқыныш, үрей, өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік пайда болады, олардың бірқалыпты еңбек ету, тынығу салттары бұзылады, мемлекеттік немесе басқадай мекемелердің, үйымдардың, кәсіпорындардың жұмысына кедергілер келтіріледі, бөтеннің мүлкі жойылады немесе бүлінеді.

Қаратау ауданы бойынша 2022 жылдың бүгінгі күніне дейін 25 бұзақылық қылмыс фактісі тіркелген. Оның басым бөлігін қылмыс жасаушы тұлғалар алкогольді масаң күйде жасаған.

Бұзақылық қылмыс былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 59% төмендеген. Мұндай көрсеткіш құқық қорғау органдарының нәтижелі жұмыс жүргізудің арқасында.

ҚР ҚК-нің 293-бабында бұзақылық қылмыс жасағаны үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сондықтан ешқандай қылмысқа бармай, өз абыройымызға кір келтірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтап жүрейік!