Елорада прокуратурасында алқа отырысы өткізілді

Астана қаласы прокурорының төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді.

Алқа отырысының жұмысына Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының, медициналық және фармацевтикалық бақылау, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттерінің басшылары, сондай-ақ емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

Профилактикалық жұмыстардың, оның ішінде балаларды алдын алу тексерулерден өткізуінің, скринингтік зерттеулермен қамтылуының нашар екені анықталды.

Көрсетілген медициналық қызметтердің көлемін асыра бағалағаны, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және де қатерлі ісікке күдікті науқастар үшін «жасыл дәліз» принципі бойынша  бірқатар мәселелері орын алған.

Денсаулық сақтау ұйымдарының 2,5 мыңнан астам қайтыс болған және елден тыс жерлерге көшіп кеткен тұлғаларды заңсыз тіркеуге алу фактілері анықталды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерді жою жолдары бойынша механизмдер әзірленді. Қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге бастамашылық етілді.