Балаларға қамқорлық

Елордада «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Алматы» ауданы прокуратурасының бастамасымен балалар мен олардың ата-аналары үшін мәдени іс-шара ұйымдастырылды. 

Прокурорлар қонақтарды Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына шақырып, драмалық қойылымның көрермені болды.

Іс-шара моральдық-рухани даму және балалар мен олардың ата-аналары арасындағы әлеуметтік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

Жоба аясында басқа да іс-шаралар жоспарланған.     

Астана қаласының прокуратурасы