Еліміздің тұңғыш президенті

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланғанын білеміз. Содан бері  1-ші желтоқсан 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылуына орай «Тұңғыш Президент күні» ретінда аталып өтіледі.

      Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға — алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

     Рас, содан берігі 30 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та­тулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс­титуциялық заңның дер кезінде қа­былдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. заң Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не­гіздерін қалыптастырды. «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке­ті­міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді.

Елбасы — елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға!

Әли Үйсимбаев Арыс аудандық сотының бас маманы



Be the first to comment on "Еліміздің тұңғыш президенті"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*