Ұлттық санақты өткізудің жай-күйі талқыланды

Арыс қаласының әкімдігінде қала активі мен салалық ведомство жетекшілерінің ұлттық халық санағын өткізу мәселесіне қатысты жиын өтті. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жетекшілік еткен басқосуда негізгі баяндаманы Арыс қалалық статистика басқармасының басшысы Нұрғали Таутай жасады. Ол өз сөзінде осы кезге дейін ұлттық санақ жүргізуді ұйымдастырудың жай-күйін баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ, күн тәртібінде ұлттық халық санағын ұйымшылдықпен, өткізуге қатысты ұсыныс, пікірлер айтылып, қала әкімі тарапынан жергілікті құзырлы орган мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, Арыс қаласының шекаралық аумағы өзгеруіне байланысты кейбір мәселелердің де шешімін табу жайы қызу талқыланды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі