Арыстық қаржыгерлер құрметке бөленді

Еліміздің негізгі мемлекеттік нышаны, қаржылық тәуелсіздіктің символы болып табылатын ұлттық валютамыздың және қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай, қала әкімдігінде салтанатты шара өтті.Шарада шаһар басшысы қаламыздың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, қаржы саласында қажырлы еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандарын марапаттады.Қала әкімі ұлттық валютаның өміршеңдігін, бүгінгі мерекенің маңыздылығын атап өтті.«1993 жыл 15 қарашада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың ұлттық валютаны енгізу туралы шешімі ел тарихындағы батыл да маңызды шешім болды. Төл теңгеміз тұрақтылығын сақтап, Қазақ елі дағдарыстан жол тауып, бүгінде ұлттық валютамыз құнын төмендетпей келеді. Бұл тұрғыда аталған сала мамандарының еңбегі зор. Сондықтан да, Сіздердің дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін», – деді қала басшысы.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі