Жуырда «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Төлеби аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында Қауіпсіз еңбек жылына орай, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында кәсіподақ мүшелеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жүргізіліп, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде мағлұматтар берілді.
Өз кезегінде сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндірістік жазатайым оқиғалар мен еңбек дауларының алдын-алу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Бердіғали Өмірәлі аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар аталмыш шаралардың жиі болып тұруын айтып, алған мағлұматтарына алғыстарын білдірді.