Жамбылдық полицейлер марихуанамен ер адамды ұстады

Марихуана

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының  Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі затымен  ер адамды ұстады деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Шу қаласында    39 жастағы жергілікті тұрғыннан  салмағы 35 келіден  асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты  ауладағы сарайынан  табылып, тәркіленді. «Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау»  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оған  3 жылдан 7 жылға дейінгі  бас бостандығынан айыру  түріндегі жаза қолданылады», — деді  Жамбыл облысының   Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары  полиция майоры Дінмұхамед Қойториев