Шымкентте полицейлер шыршаны заңсыз кесу жайттарының алдын алуда

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің табиғатты қорғау инспекторлары “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.  

Шара жас қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, жинау, тасымалдау мен сату жайттарының алдын алуға және болдырмауға бағытталған.

Желтоқсанның 15-нен бастап, полицейлер орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, мегаполис аумағындағы шырша сататын сауда нүктелеріне тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындарға аталған құқық бұзушылық үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 «Шырша» іс-шарасы 31-желтоқсанға дейін жалғасады.