Жамбыл облысында жол белгілерін бүлдірген тұрғындар ұсталды

жол белгілерін бүлдірген

Тараз қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері қала аумағындағы бейнебақылау камералары арқылы қаладағы автокөлікке қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен жасалған құқық бұзушылықты анықтады.

Олар жол бойындағы қозғалысты реттейтін белгілерді қара түсті бояумен заңсыз түрде бояп, бүлдірген. Тексеру барысында анықталғандай, аталған азаматтар бұл әрекетті автокөліктердің жол ортасынан тікелей қызмет көрсету орталығына кіруін жеңілдету мақсатында жасағандарын түсіндірді.

Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 630-бабы 3-тармағы және 505-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарға жол қауіпсіздігін бұзатын заңсыз әрекеттердің жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.