Жеке құраммен жедел-кеңес өтті

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтің бастамасымен «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» жедел кеңесті аудандарда өткізу жоспарланған.

Осыған сәйкес аталған маңызды шара Кентау қалалық және Сауран аудандық полиция бөлімдерінде ұйымдастырылды. Жиынға Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаров, оның орынбасары Е.Шамшат, жеке құрам инспекциясының бастығы Д.Тұрлыбеков, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев пен жеке құрам қатысты.

Іс-шарада М. Асқаров: «Бүгінде қоғамымызда полицияның имиджіне кері әсерін тигізетін жағдайлар орын алуда. Осы ретте жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған жұмыстарды қатаң бақылауға алыңыздар деп ескертемін!»-деп атап өтті.

Одан әрі ұйымдастырушылар жеке құраммен жеке дара танысып, олардың өмірлерінде не болып жатқаны, қандай қажеттіліктері бары, оларды шешу жолдары қарастырылды. Оның ішіне қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ұл-қыздарын балабақшаға жайғастыру мәселелері бар. Сондай-ақ ІІО ардагерлері қызметте жүрген полицейлерге өмірлік тәжірибелерін, ақыл-кеңестерін жеткізді.