Жастар арасында домбыра үйренуге қызығушылық артқан

домбыра

Домбыра үні өзіне тән дыбыстық бояумен, алуан түрлі желіс қағыстарымен  қатар, өте бай көркем образдық әлемімен де айқындалып, қазақ халқының тарихы дүниетанымы және психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады. «Қолына домбыра ұстаған балаға – имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатыгездіктен аулақ болады»   деген нақыл сөзде үлкен шындық жатыр. Өйткені домбыра – үлкен рухани адамгершілік мектебі, баға жетпес эстетикалық өмір оқулығы жайлы шымкенттік жастар өз пікірлерімен бөлісті.

Жанар Сейтмаханбет, студент:

— Әдетте әр кезең өз жаңалық,  өзгерістерін ала келуімен бірге, өзіне лайық соны талап-тілегін тудыратыны да анық. Осы орайда дәл қазіргі кезеңдегі домбыра өнерінің, домбырашылардың орындаушылық шеберлік деңгейлерінің қаншалықты өзгеріп, қаншалықты биікке көтерілгенін байқау қиын емес. Сондай-ақ бүгінде бүкіл ұлттық өнерімізде туындап отырған оң өзгерістер мен бетбұрыстар домбыра еншісіне де өз тиесілі жүгін артып отыр. Қазақтың көне заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрі өте көп. Бізге оның отыздан астам түрі мәлім. Соның ішінде қазақтың қасиетті қара домбырасының орны бөлек. Бүгінде жастар арасында ұлттық аспапқа деген қызығушылық артқан.

Әділет Үмбетаев, жас маман:

Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлері ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған. Осы қасиетті аспапқа қызығушылықты маған әкем оятқан. Бүгінде менің домбыра тартып жүргеніе 15 жылға жуықтады. Әр тартқан сайын ішімдегі неатив, депрессия шығып, жеңілдегендей күй кешемін. Менің шаршауымды осы домбыра басады.

Гүлайым Әбуова, музыка пәнінің мұғалімі:

Қасиетті қара домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады. «Екі шектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ,қазақ емес,нағыз қазақ домбыра деп ақын жырлағандай домбыра қазақ хадқының  қасиетті құралы саналған. Бүгінде жасөспірімдер арасында домбыра үйренуге қызығушылық  артқан.  Десе де  ұлттық өнерге деген сый-құрмет артсадағы  мамандар домбыраның қандай аспап екенін білмейтін жандар да  бар.  Осы мақсатта Шымкенттің көше бойларында, сауда орталықтарының маңайы мен саябақтарында  «Домбыра пати», «Домбыра думан бастаңғы» сынды мәдени кештер жиі  ұйымдастырылып келеді.