Мақтааралдық Сырым Айтбай шығыс жек-жек өнері спортымен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Сегіз жылдан бері спорттағы жетістігі аз емес. Ол жекпе-жек спорты мен джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының жастар арасында чемпион атанған.
Әскери самбодан спорт шебері.
Сондай-ақ, қоян-қолтық ұрысынан өткен спартакиадада 2-орын иеленген. Соңғы жетістігі джиу-джитсу комбат систем спорт түрінен ел біріншілігінде 77 келі салмақ дәрежесінде 3-орынға қол жеткізді.
«1997 жылы 12 наурызда ОҚО, Мақтаарал ауданы, Азаттық ауылында дүниеге келдім.
Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебін бітірдім. 7-сыныптан бастап еркін күреске қатысып, спортқа бет бұрдым. Есейе келе джиу-джитсу, әскери самбо, қоян-қолтық ұрыс, ММА спорт түрлеріне қатыса бастадым. Әрине, жаттықтырушыларым Бауыржан Сыздықбаев, Мұхтар Мамбетов, Мейірхан Досымбаев, Бауыржан Оралбеков, Аділ Сейітқұл, Қалдар Қасымбаевқа
алғысым шексіз. Өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Жаттығу жасау жаныма жақын іс. Сондықтан күнделікті 4-5 сағатымды жаттығу залында өткіземін. Бапкер ретінде шәкірттер дайындаудамын»,-деді ол.
Спортшы негізінен 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологялар колледжінде Заңгер мамандығы бойынша білім алған. 2015 жылы Отан алдындағы борышын өтеді. 2017-2020 жылдар аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген.
Сырым Қалмырзаұлы бүгінде Ә.Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шығыс жекпе-жек бөлімінде бапкер. Жас бапкер Жетісай ауданы, Асық-ата кентінде жасөспірімдерді ММА аралас жекпе-жек, джиу-джитсудан жаттықтыруда.
Нұртас Кеңесбеков,
«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі.