Жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері «Тurkistan Іnternational Мarathon» — ға қатысты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің қызметкерлері «Turkistan International Marathon» спорттық-бұқаралық жүгірісіне қатысты.
Іс-шара Түркістанға түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін беру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.
Бұл марафон әлемнің 19 елінен және Қазақстанның барлық қалаларынан спорт сүйер қауымды жинады.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шараға Агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов, басқарма басшысы Нұрлан Садыбеков, сондай-ақ Агенттіктің Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстары, Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Спорт пен парасаттылық құндылықтарының үйлесуі салауатты және жетілген қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.
Сондықтан Агенттік әрдайым салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қызметкерлер арасында дене белсенділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті