Жаңа Конституция – қоғамдық келісімнің жаңа кезеңі

Жаңа Конституция – қоғамдық келісімнің жаңа кезеңі Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Бұл өзгерістер қоғамдық келісімді жаңа деңгейге көтеріп, құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамға айналды. Жаңартылған Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берілуі. Бұл қоғамдық пікірдің маңызын арттырып, ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы өзгерістер құқықтық мемлекеттің берік негізін қалыптастыруға қызмет етеді. Конституциялық реформалардың тағы бір маңызды қыры – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қазақстан көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет ретінде өзара сыйластықты, татулықты және тұрақтылықты басты құндылықтардың бірі ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияда бекітілген теңдік, заң алдындағы әділдік және кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» жаңа Конституция мен 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық Заңының талаптарын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, Ғылыми-сарапшылық топтың, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жаңа Конституцияның елдің құқықтық және қоғамдық дамуының берік негізі екенін атап өтіп, Қазақстан Халық Кеңесінің қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалогты дамытудағы рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, «Қоғамды келісім» мекемесі этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың жұмысын үйлестіруде және қалыпты өз жұмысын белсенді атқара беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Данияр Аюпов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді сақтаудағы үлесін сөз етсе, облыстық Ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Ғани Исаев жаңа заңның мазмұны мен конституциялық реформалардың маңызын түсіндірді. Кентау қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова мен Сарыағаш аудандық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Алипаша Хинизов этносаралық татулық пен өзара сенімді нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ал «Ел жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Надиржан Хасантаев жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі жауапкершілігін атап өтті. Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидалары, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Қазақстан Халық Кеңесінің рөлі, азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту мәселелері кеңінен сөз болды. Жаңартылған Конституцияның құндылықтарын халық арасында кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заңды құрметтеуі және қоғамдық өмірге белсенді араласуы еліміздің тұрақты дамуына ықпал етеді. Қоғамдық келісім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты шарты. Ал Конституция осы келісімнің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжат болып қала береді. Сондықтан конституциялық құндылықтарды дәріптеу, заң үстемдігін нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру – әділетті, тұрақты әрі дамыған Қазақстанды қалыптастырудың маңызды алғышарттарының бірі. Жиын қорытындысында қоғамдық келісімді нығайту, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтармен тұрақты кері байланысты дамыту және қоғамдық құрылымдардың өзара ықпалдастығын арттыру бағытындағы ұсыныстар жинақталып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатыны айтылды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Бұл өзгерістер қоғамдық келісімді жаңа деңгейге көтеріп, құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамға айналды.

Жаңартылған Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық берілуі. Бұл қоғамдық пікірдің маңызын арттырып, ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы өзгерістер құқықтық мемлекеттің берік негізін қалыптастыруға қызмет етеді.

Конституциялық реформалардың тағы бір маңызды қыры – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қазақстан көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет ретінде өзара сыйластықты, татулықты және тұрақтылықты басты құндылықтардың бірі ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияда бекітілген теңдік, заң алдындағы әділдік және кемсітушілікке жол бермеу қағидаттары азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» жаңа Конституция мен 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық Заңының талаптарын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің, Ғылыми-сарапшылық топтың, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жаңа Конституцияның елдің құқықтық және қоғамдық дамуының берік негізі екенін атап өтіп, Қазақстан Халық Кеңесінің қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалогты дамытудағы рөліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, «Қоғамды келісім» мекемесі этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың жұмысын үйлестіруде және қалыпты өз жұмысын белсенді атқара беретіндігін жеткізді.

Сондай-ақ, облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Данияр Аюпов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді сақтаудағы үлесін сөз етсе, облыстық Ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Ғани Исаев жаңа заңның мазмұны мен конституциялық реформалардың маңызын түсіндірді.

Кентау қалалық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова мен Сарыағаш аудандық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Алипаша Хинизов этносаралық татулық пен өзара сенімді нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ал «Ел жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Надиржан Хасантаев жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі жауапкершілігін атап өтті.

Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидалары, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Қазақстан Халық Кеңесінің рөлі, азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.

Жаңартылған Конституцияның құндылықтарын халық арасында кеңінен түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заңды құрметтеуі және қоғамдық өмірге белсенді араласуы еліміздің тұрақты дамуына ықпал етеді.

Қоғамдық келісім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты шарты. Ал Конституция осы келісімнің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжат болып қала береді. Сондықтан конституциялық құндылықтарды дәріптеу, заң үстемдігін нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру – әділетті, тұрақты әрі дамыған Қазақстанды қалыптастырудың маңызды алғышарттарының бірі.

Жиын қорытындысында қоғамдық келісімді нығайту, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтармен тұрақты кері байланысты дамыту және қоғамдық құрылымдардың өзара ықпалдастығын арттыру бағытындағы ұсыныстар жинақталып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатыны айтылды.