Әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер әрқашанда қоғамның ерекше назарында екенідігі белгілі.
Алайда, мекемелердің кей-бір жекелеген функцияларына мемлекеттік қызмет мәртебесі берілмегендіктен олардың көрсетілу сапасы кей жағдайда ақсаңдап жатады.
Мысалы, «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау» қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығы негізінде көрсетіліп келген.
Дегенмен, аталған қызметтің мемлекетік көрсетілетін қызмет мәртебесі болмауы және Бұйрықта қызметтің тәртібі толық реттелмеуі себебінен қызмет алушылар тарапынан сынауға ұшырап жататын.
Осы орайда, «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау» қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәртебесін беру арқылы сапасын жоғарылату, қызмет көрсету рәсімінің ашықтығын және оңтайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында Қзақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен аталған қызметке мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесін беру туралы ұсыныс жолданған болатын.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы негізінде аталған қызметке мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі берілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
