ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген азаматшаның құқығы қалпына келтірілді 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында ұсыныстар мен арыз-шағымдар келіп түсуде.

Мәселен, қала тұрғыны «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Қаратау ауданының мансаптық орталығына (Орталық) тіркеле алмай жатқандығы туралы өтінішімен жүгінді.

Департаменттің араласуымен Орталыққа жүгінген азаматша «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша тіркеліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін кешіктіргені  және мемлекетік қызмет көрсетуді сапасыз ұсынғаны үшін, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-сі Қаратау ауданының мансаптық орталығының маманына тәртіптік шара қолданылды.  

Осылайша, Департаментке «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша шағымданған қала тұрғының құқығы қалпына келтірілді.