«Instagram» парақшасының бірінен «Лада Приора» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Жетісай АПБ-нің қызметкерлері бейнежазбадағы жүргізуші кім екенін анықтау мақсатында жедел әрекет етті. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, «Лада Приора» автокөлігін басқарған жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.Жүргізушіге жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабы 1-бөлігімен, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүргізуші куәлігін алмай көлік құралын басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2-бөлігімен көліктің техникалық тексеруден өтпегені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы 9-бөлігімен хаттама толтырылды.Жас жүргізуші жасаған әрекетін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Сондай-ақ алдағы уақытта бұндай жағдайды қайталамауға уәде берді.
ТО ПД баспасөз қызметі