Түркістанда алиментке беретін ақшасын жойып беремін деп тұрғынды алдаған ер азамат ұсталды

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, 2021 жылы тамыз айында оны бейтаныс азамат алдап кеткен. Яғни алаяқ өзін сот орындаушымын деп таныстырып алиментке төлейтін берешек ақшасын жойып беретінін айтып, қызметіне 300 мың теңге ақша алған. Алайда берілген уәде орындалмай 1 жылға созылған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар ер азамат ұсталды. Ол ешқандай жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынамын деген адамның, болуы әбден мүмкін! Сондықтан сақ болыңыз!

ТО ПД баспасөз қызметі