Сынып оқушыларымен кездесу болып өтті

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан   мектептерде  іс-шаралар  атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. 

Осы ретте Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектептің оқушыларымен 8.12.2022 күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында 8-9-10 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Мыңжасаров Жансерік Айдарханұлы, Түркістан қалалық әкімшілігінің жастар ресурстық орталығының басшысы Құдіретулла Намазхан Қайратұлы, Түркістан қаласының полиция басқармасы ЖПТ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Асқар Сапарбеков, Түркістан қаласының полиция басқармасы ЖПТ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Гүлбаршын Мухаметқалиева, Түркістан қалалық емханасының психологы Аширбекова Бахыткуль Набиевна, Қалалық жастар орталығының психологы Анапия Мәдина Шынасылқызы, Құлатай ата мешітінің имамы Махамбетов Болат қатысты.

«Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Мыңжасаров Жансерік Айдарханұлы баяндама оқыды. «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында Түркістан қаласының полиция басқармасы ЖПТ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Асқар Сапарбеков мырза баяндама жасады. «Кибербуллинг пен буллингтің зардаптары» тақырыбында Түркістан қалалық емханасының психологы Аширбекова Бахыткуль Набиевна, қалалық жастар орталығының психологы Анапия Мәдина Шынасылқызы баяндама оқыды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта (сағ.22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын –сауық мекемелерінде болуына жол бермеу қадағалау керектігі, балалықпен ата-аналарына, бауырларына зияндарын тигізбеуін, бос уақыттарында спортпен шұғылдану керектігі ескертілді. Оқушылар кездесуге келген қонақтарға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Алдағы уақытта осындай іс шараларды ұйымдастыру жалғасын таба бермек.

Жасөспірімдер, кәмелетке жасы толмағандар  қолымен  іске  асатын  құқық бұзушылықтың  қаңдай түрімен күрес жүргізсек, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар құқық бұзушылығын  болдырмай алдын алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ете отырып, тиімді нәтижесін күту – жеткіншектердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек.

Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың өсуіне басты себеп ретінде олардың қоғамға жат әрекетті мас күйінде істеуін алуға болады.  Мас болғандықтан, құқық бұзушылық пен қылмыстық  әрекетке барған. Жасы толмағандар қылмысы ересектер қылмысымен салыстырғанда, тигізер зардабының аздығымен сипатталатыны белгілі. Сонымен қатар, жасы толмағандар қылмысынан пайдакүнемдік пен күш көрсету арқылы пайдакүнемдік ниет пен мақсатты көздегендіктері айқын көрінетініне көз жеткізуге болады .Қазіргі заманда біздің қоғамдағы барлық жастағы адамдардың құқықтық санасында өзгеріс бар, соның ішінде жиі байқалатын кәмелетке толмағандардың құқықтық санасының бұзылуы алаңдатушылық туғызады. Осылайша бұзылған құқықтық санамен күрестің маңызы зор және ондай өзгерістің салдарын жою жұмысын жалпы мемлекеттік көлемде іске асыру керек.