Құқықтық сана мен мәдениет

Түркістан қаласы патрульдік полиция қызметкерлері  тұрақты түрде қала ішіндегі тыныштықты сақтау үшін рейдтік іс-шараларды қарқынды түрде жүргізіп тұрады. Тәртіп сақшылары өздеріне белгіленген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Түркістан  қаласы көшелерінің бірінде «Ваз 2107» маркалы автокөлік бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткендіктен күдік тудырған. Полицейлер  жол ережесін бұзған автокөліктің ізіне түсіп жүргізушіні тоқтатады.

Содан жүргізушінің жеке басын анықтай келе, сондай-ақ, автокөлікке қатысты құжаттарын анықтау барысында Түркістан қалалық әкімшілік сотының қаулысымен 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен айырылса да тағы да спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны белгілі болды.

Аталған жайтты Түркістандық полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда кінәлі деп танылған күдікті азамат қамауға алынды.

Өз кезегінде Түркістандық тәртіп сақшылары мас күйде көлік басқармауға кеңес береді. Сондай-ақ, бұндай жайтқа қатаң түрде заң бар екенін ескертеді. Жол-көлік оқиғаларын болдырмауды назарға алуларыңызды сұрайды.

Түркістан қаласындағы түсіндірме жұмыстарының жүйелі бір саласы әкімшілік құқық бұзушылық.  Атаулы тақырып туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін анықтайды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыру қажет. Құқықтық сана дегеніміз қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы ғалымдар былай деп тұжырымдайды: «Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға, құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі».

Біз, бірінші кезекте жастардың құқытық санасының қалыптасу ерекшеліктері мен олардың қоғам дамуына тигізетін әсерін қарастыруымыз керек. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына бірінші кезекте өте күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Ол факторларға, біздің ойымызша, келесі қатынастар жатады: әлеуметтік экономикалық жағдай, қоғамдық саяси құбылыс, идеологиялық әрекеттер, қоршаған орта, жастардың әлеуметтік іспен қамтылуы, идеялық тәрбиелік жұмыстар. Бүгінде адам санасына ерекше ықпал ететін құрал-телеарна болып отыр. Қазақстан телеарналарында арнайы жастарға қатысты оларды ынталандыратын, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет.

Қазіргі кездегі жағдайлар құқықтық мемлекеттіліктің негіздерін орнықтыру, қоғам ішінде қажетті шеңберде қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті жаңғырту және жандандыру, моральдық құндылықтарды күшейту, заңдарымыз бен қоғамдық тәртібіміз жұртты қорқытып – үркітпейтін, күштемейтін, қайта қоғам мүшелері өздері түсіне отырып, ол заңдылықтарды қолдап қуаттап отыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Енді мәдени дамудың түпкі негіздеріне үңіле қарасақ, оның әртүрлі күрделі өзара байланыстардан тұратынын аңғарамыз. Мәдениеттілік – адамның рухани жетілуі. Мәдениет адамда біртұтастықты, намыс, ұят, ізгілік, турашылдық, өзін-өзі сыйлау сияқты жоғары адами қасиеттерді қалыптастырады.

Рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі құқықтық мәлениет болып табылады. Құқықтық мәдениет – бұл қоғам қол жеткізген әлеуметтік қатынастардың құқықтық реттелуінің, тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуының, тәртіптің орнауының деңгейі.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттіліктің негізі қаланып, қалыптасу процесі жүріп жатқанда құқықтық мәдениетімізге де талап арта түседі.