Түркістан облысының чемпион полицейлері марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ІІО-дағы мемлекеттік тіл рөлінің дамуы мен күшеюіне қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тілдер күнін мерекелеуге байланысты салтанатты жиын өтті. Мерекелік жиында өздерінің қызметтерін адал атқарған бірқатар тәртіп сақшылары мен спорттық жарыстардан жүлделі орынға ие болған полицейлер марапатталды. Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрінің Алғыс хатымен полиция аға лейтенанты Хусниддин Мамаджанов пен полиция аға сержанты Эльяр Мұхаметжанұлы марапатталып, бір қызметкерге алғыс жарияланды. Сонымен қатар 4-6 маусым аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен «Самбо» күресінен 3-орынды және Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өткен «Беларусь Республикасының Президент Кубогында» «Самбо» күресінен әйелдер арасында 2-орынды меншіктеген полиция лейтенанты Перизат Жақыпбекова марапатталды. Сондай-ақ «Беларусь Республикасының Президент Кубогынан» «Самбо» күресінен 3-орынды иеленген полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова және Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен «Самбо» және «Жауынгерлік самбо» күрестерінен полиция капитаны Жәнібек Айдарбек 3-орынды, полиция лейтенанты Ерболат Омарқұл 3-орынды, белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогында Командалық есепте 1-орын алғаны үшін полиция лейтенанты Төребек Молдаш пен Сәкен Жақсыгелді арнайы кубокпен және дипломмен марапатталды.Шара соңында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын одан әрі жандандыруға уәде берді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі