Құрметті қала тұрғындары! 2021 жылдың 6 қараша күні қала орталығында орналасқан Әл-Фараби алаңында «Алтын күз 2021» іс-шарасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде ауыл округтерінен келген шаруаларымыздың жаз бойғы еңбегі паш етілмек. Ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеде арыстық шаруалар 50-ге жуық азық-түлік өнім түрлерін базар нарығынан 20-30 пайызға дейін төмен бағада ұсынбақ.Сауда сөресіне бау-бақша мен көкөніс, ет өнімдері (түйе, сиыр, қой), сүт өнімдері, бидай, жүгері, жоңышқа, табиғи шөп, т. б. өнімдер шығарылады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі