Кеңес жиынында атқарылған жұмыстар баяндалды

Бүгін Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиыны өтті. Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті мекеме, бөлім, ЖШС басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:

Атап айтсақ, Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС-нің 2022 жылы атқарған жұмыстарының мәліметі және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Қызмет-Сервис-Арыс» ЖШС-нің бастығы Кеңес Сәрсенбаев, Арыс қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыстары туралы, балабақшаларда балалар контингенті оларды сапалы санитарлық талаптарға сай келетін тамақтандырылуы туралы, Арыс қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Базар» ЖШС-нің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен ағымдағы жылда халыққа қызмет көрсету мақсатында Орталық базар мен мал базарында атқарылатын жұмыстары туралы, «Базар» ЖШС-і директоры Ұлжалғас Сатыбалдиева, ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС Арыс электр жүйелері бөлімшесінің 2022 жылы атқарған жұмыстарының мәліметі туралы, Арыс қаласының ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС бастығы Жақсылық Ыдырысов толық баяндап өтті.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.