2021 жылдың 25 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар,оқылық» атты библиомарафон өтті. Іс-шара барысында қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазған ұлы ағартушы, педагог- Ыбырай Алтынсарин атамыздың жан- жақты терең білімі мен қайрат жігері кеңінен насихатталды. Библиомарафонға аудандағы 2-5 сынып аралығындағы оқушылар белсенді қатысып, Ыбырай Алтынсариннің шығармаларымен танысып,» Кел, балалар, оқылық», » Өнер — Білім бар жұрттар…», «Оқу түбі-тоқу», » Аурудан аяған күштірек» шығармаларын қызыға оқып, бір біріне оқуға ұсынды. Ұлттық мәдениетімізді адамгершілік құндылықтарымызды бағалап, жаттап, ұлттық сана сезімімді шындау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара балалардың өсіп өркендеуіне өз септігін тигізеді деп сенеміз.
Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі