Жамбылдық полицейлер ұрлық жасаған жас әйелді ұстады

Жамбыл облысының  Қордай ауданы  полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1986 жылы туған «Гвардейск»  кентінің тұрғыны хабарласып,   Алматы облысынан келген 35 жастағы  бірге тұратын әйелге қатысты шара қолдану туралы шағымданған деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Жоғарыда аты аталған азаматша  жәбірленушінің үйінде бола  тұра, еркін қол жеткізу жолымен  оның әмиянынан және  ұсақ ақша  салатын  жинақ қобдишасынан ақша қаражатын жасырын ұрлап, содан кейін қашып кеткен. Осылайша  шағымданушыға  жалпы сомасы 960 мың теңге көлемінде  материалдық залал келтірілді.

Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық іс бойынша күдікті азаматша  ұсталып, Қордай ауданының  полиция бөліміне жеткізілді. Ол  ұрлық жасағанын ішінара мойындады.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде- бұл туралы Қордай АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дархан Айсұлтанұлы Рысдәулетов айтып берді.