«Shymkent Bus» БК ЖШС-гі «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қәсіподақ мүшесі болып табылады. «Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымымен тығыз жұмыс жасайды. Шымкент қаласының қызыл аймаққа енуіне байланысты тасымалданатын қала тұрғындарының саны бүгінде күрт төмендеген. Осы орайда, Серіктестікте жолға шығарылатын қоғамдық көлік саны 217 қысқартылып отыр. Бұл мекемеде 1200 адам жұмыс атқаруда. Соңғы кезде елімізде орын алған төтенше жағдайдың салдарынан Серіктестік қызметкерлерінің берілетін жалақысы кешіктірілуде. Яғни, бұл жағдай мемлекет тарапынан аударылатын субсидияның уақытылы түспеуінен орын алып отыр. Бүгінде жергілікті билік өкілдері мен кәсіподақ мүшелері жағдайды тұрақтандыру мақсатында өз тарапынан жұмыстар жасауда. Одан бөлек, осы жағдайға қатысты «Shymkent Bus» БК ЖШС-гі қызметкерлерінен «і-Komek» ситуациялық орталығына да өтініш түскен. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қызметкерлердің жалақылары толық төленге дейін ахуалды түбегейлі өз бақылауында ұстайды.
Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы