«Баланың құқығы басты назарда»

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, әрбiр баланың тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
Ата заңымыздың 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол сұғылмайды, соттың шешімінсіз ешкімді де тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.
Әл-Фараби ауданының прокуратурасы аудандағы қамқоршылық және қорғаншылық тағайындалған балалардың тұрғын үймен қамтамасыз ету құқықтарының сақталуына жүргізілген талдаумен 10 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жылжымайтын мүліктеріне қатысты мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы сақтау хаттары қойылмағандығын анықтады.
Мұнымен қоса, міндетті түрде тұрғын үймен қамтамасыз етуге жататын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 10 бала тұрғын үй есебіне қойылмай қалғандығы белгілі болды.
Аудан прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз етуге шара қолданып, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың мүліктеріне басқа тұлғалардың қол сұғылмауының алдын алды, ал тұрғын үй есебіне кезекке тұрғызылмаған балалар, тізімге енгізіліп, барлығының құқықтары қорғалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі бақылауда.

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы