Бүгін Қарамұрт ауылдық округінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып жүргізіп отырды. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен ауданымыздың найб имамы М.Мирсадикович, ауыл билері, ақсақалдар кеңесі қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1.«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемақысынбелгілеу туралы» 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-368/VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасына қорытынды беру.
2.«Қазақтелеком» АҚ мекемесінің 2023 – 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі.
3.Ақбұлақ ауылдық округінің идеология саласындағы ұлтаралық татулық, діни экстремизмге жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық жайлы алдын алу туралы есебі.
4.Қарамұрт ауылдық округінің идеология саласындағы ұлтаралық татулық, діни экстремизмге жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы бұзақылық жайлы алдын алу туралы есебі.
5.АЭС салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары.
Басқосу барысында Қарамұрт ауылдық округінің және Ақбұлақ ауылдық округтерінің ауыл билері мен ақсақалдар кеңесінің төрағаларына және ауыл белсенділері мен Қарамұрт ауылының тұрғындарына АЭС салу бойынша референдумның халыққа Қоғамдық кеңестің мүшелерінің тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тиісті басшылардың баяндамалары тыңдалып Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бөлім басшыларына сұрақтар мен ұсыныстар айтылып назарға алынды.