Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Арыс қалалық Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Атап айтсақ, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы, Арыс қаласының Жер қатынастары бөлімінің басшысы Досымхан Сералиев баяндап өтті. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, Арыс қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Шойнахов, Арыс қаласының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы, Арыс қаласының Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Нұрғиса Ахмет баяндама жасады.

Жиын соңында комиссия төрайымы А.Бердімбет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жандыру керектігін атап өтіп, жиналысқа қатысушылардың қызметтеріне сәттілік тіледі.