Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полицияға деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізуде.

Акция аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Әсел Ермаханқызының ұйымдастыруымен М.Сапарбаев атындағы университетінің студенттерімен кездесу өтті.

         Кездесуде «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында бейне-роликтер көрсетіліп, талқылау мен пікір алмасу орын алды.Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» акциялары ұдайы өткізіліп тұрады.

Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес.Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр.
         Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар. Кездесуге келгендердің ойы осыған саяды.

Ntime.kz