Ералы Жумаханбетов журналист қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов журналист қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі.

«Нәзік жанды арулардың қоғамдағы орны, олардың ұрпақ тәрбиесі мен ел өміріндегі елеулі істер қашанда құрметке лайық. Сондай-ақ ел ішіндегі оқиғалардан халыққа шұғыл әрі шынайы ақпарат тарату – Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз. Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің жұмысын жұртшылыққа хабардар ету, сол арқылы халық арасында полицияның беделін көтеруге қосқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!», — деді Ералы ЖумаханбетовДепартамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов полиция қызметінің оң имиджін қалыптастыруда бірлесе еңбек етіп келе жатқан БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділеріне «Алғыс хат» табыстап, оларға «қоғамдық көмекші» куәлігін табыстады. Ондағы мақсат – қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтардың алдын-алуда үлесімді жұмыс атқару. Атап айтсақ, «Ontustik» телеарнасы директорының орынбасары Гүлсара Сапарқызы, «Казахстанская Правда» газетінің меншікті тілшісі Любовь Доброта, Республикалық «МедиаОн» сайтының бас редакторы Малика Абдалиева, «Темірқазық-Ой» гезетінің бас редакторы Анар Сүлеева, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Жәмилә Мамырәлі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек, «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы Жібек Жайлыбаева, «Vera.kz» сайтының бас редакторы Марина Низовкина, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақмарал Молдиярқызы, «Айғақ» газетінің бас редакторы Ұлжан Наушабаева, «Nar TV» телеарнасының бас редакторы Ардақ Жақсылықова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мөлдір Бекеева, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Мөлдір Кенжебай бар.