Кітапханашы- рухани қазына ошағының шырақшысы

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев. Бұл сөздермен кітапхананың адам өмірдегі орнын дәл айқындап бергендей.

«Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біздің күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын.

Кітап. Кітапхана. Кітапханашы! Бұл — бірі-бірінсіз толыққанды бола алмайтын рухани ошақ. Бір-бірін жалғастырып тұрған оларсыз қоғамды елестету мүмкін емес киелі ұғымдар. Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы- Кітапханашылар.

Кітапханашы қарапайым мамандық болып көрінгенімен, бүгінгі заман талабына жүгінсек, ол мамандық қандай жұмыс түрлері болмасын өздерінің кәсіби шеберліктерімен заман талабына сай әдебиеттерді насихаттау, ұрпақтарға жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші қоғамның белсенді мүшесі екендігін дәлелдеп келеді.

Сондықтан, заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы деген ұғым жоғары болуы тиіс. Кітаптың құдіреттілігін терең түсіне білген жан ғана осы рухани ордада қызмет атқара алады. Олардың жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта ықыласын көтеруде еңбегі ұшан теңіз.

Бүгінгі кітапханашы- менеджер, ол-бағдарламашы, ол-психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхан ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсіліг қалыптастырған білікті маман. Сол себепті де қоғамда кітапханашы беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде танылып келеді.