Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп құны 14 млн теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын иемденген алаяқты ұстады.
Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда, міндетін орындамай, майды үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып жіберген.
Әрі қарай бөшкелер қолдан қолға бірнеше рет қайта сатылып, Шымқаладағы кезекті сатып алушыға түседі. Мұнда тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркілейді.
Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды.
Қозғалтқыш майы заңды иесіне қайтарылды.