Студенттерге «отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқылды

Елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторлары «Мирас» университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева студенттерге «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан айырылды, айырылысу ерекше фактіден қалыптыға айналды, ата-ананың ықпалы әлсіреді. Туыстар арасындағы даулар жиі қылмысты сипатта: ұрып-соғудан кісі өлтіруге дейін орын алуда.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық жағдайында, жалдамалы кісі өлтірушілер оғынан гөрі, туыстардың қолынан мерт болуы анағұрлым жиі кездесетіндіктен қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Кез келген тұлға, оның ішінде кісі өлтіруші (киллер) мен қарақшы тұлғасы да жанұяда қалыптасады, яғни сол жерде жасалатын, әсіресе құқыққа қайшы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің маңыздылығы ерекше. Осындай жағдайларда отбасы адамның психологиялық қорғаныс орталығы рөлін атқара алмайды, тәрбиелеу функцияларын орындай алмайды. Отбасы ішінде зорлық-зомбылықтың орын алуы және осы себептен жеке тұлғаның бала кезінде қолайсыз жағдайда қалыптасуы көбінесе қатыгездікті тудырады, келешекте балалардың құқық бұзушылық әрекеттерін жасауына итермелейді, қоғамға адамгершілік жағынан орны толмас зиян келтіреді. Сол сияқты отбасы ішіндегі агрессияның зияндылығы сол, жыл сайын жанжалды отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы барлық кісі өлімінің үштен аса бөлігін өздерін қорғай алмайтын балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер құрайды. Зорлық- зомбылық әрекеттері ерекше қоғамдық пікірді қалыптастырады. Құқық қорғау органдарының, соттардың, денсаулық сақтау органдарының, әлеуметтік қамтамасыз ету органдарының қызметтеріне, отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана ұстауына және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне едәуір ақша қаражаты жұмсалады.