Қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру керек.
Шымкент қаласы Әділет департаментінде басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі А.Исабекованың бастамасымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ж. Әлжанованың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті. Басқосуда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан кешенді шаралар, жемқорлық құқық бұзушылық деректері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды ынталандыру қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оны сақтамаудың жауапкершілігі туралы кеңінен ақпарат берілді. Онымен қоса қатысушылар назарына осы санаттағы қылмыстармен күресу мазмұнындағы бейнероликтер ұсынылды.
Сондай — ақ, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің ойын-сауық орындарда өз табысынан асатын ақша қаражаттарды жарату фактілері орын алатын болса, оның салдары туралы түсіндірілді.
Әділет департаментінің қызметкерлері тарапынан талаптарды бұзу фактілері туралы 8 (7252) 33-75-98 (ішкі қауіпсіздік қызметі), 33-76-76 (Әдеп жөніндегі уәкіл) телефондары немесе 1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына хабарлауды сұраймыз.