Шымкентте дін өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Президент өзінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыруға шақырды.
Осы ретте, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтарды кеңінен тарту мақсатында «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде имамдармен кездесу өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Дін өкілдерімен өткен жиынға Департамент, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері қатысты.
Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобаларға, Жолдау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрі рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда дін өкілдерінің алатын орны ерекше екендігін атап өтті.
Жиында қатысушылар бұл індетпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресу қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда 1424 Call-орталығына хабарласу қажеттігі айтылып, ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі болған кезде ақшалай сыйақылармен көтермеленетіндігі жеткізілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті