Ағымдағы жылдың 7 қазанында облыс орталығындағы көшелердің бірінде әсерлі оқиға орын алды.
Тараз қаласының ПБ патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында жол ортасында аударылған мүгедектер арбасын және оның жанында қарт адам мен итті байқаған. Полиция қызметкерлері «Хатико» мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныды.
Арбаға таңылған зейнеткер жасанды кедергінің үстінен өте алмай, аударылып қалғаны белгілі болды. Осы уақыт бойы ит иесін қырағылықпен қорғаған.
Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарияға көмекке ұмтылғанымен, неміс овчарка иті оған ешкімді жолатпаған.
Алайда оқиға сәтті аяқталды. Ит полицияға сеніп, олардың көмектесетінін сезіп, иесіне жақындауға рұқсат берді.
– Әрине, ит тістеп алады деген қауіп болды. Оның қабаған екендігін қаладағылардың бәрі біледі, иесіне жан жуытпай қорғайды. Біздің бірінші міндетіміз қарт кісіге көмектесу еді, ол басын жарақаттап алған екен. Иттің мұны сезіп, иесін бізге сенгеніне қуаныштымыз», — деді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі, полиция капитаны Нұрбол Мырзакерім.
Қазіргі уақытта ата мен үй жануарында бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.