Бүгін ауданда су тасқынының алдын алу шаралары бойынша мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы О.Айтқұлов қатысты. Аталған шарада Төтенше жағдайлар департаментінің бекітілген кестесіне сәйкес 27-29 қыркүйегі аралығында өткізілетін оқу-жаттығу шарасының дайындық барысы сараланды. Оқу-жаттығу «2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағд айларда жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдардарын дайындау» тақырыбы аясында болады.
Жалпы жиын аудан аумағында көктемгі-күзгі орын алуы мүмкін су тасқынының алдын-алу мақсатында тиісті күш-құралдар мен құрылымдардың дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шара.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі