Аудан прокуратурасы жастармен кездесті

Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен Е.Сарманов атындағы «Гуманитарлық агроэкономикалық» және А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледж студенттерімен және аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіндегі жастармен кездесу өтті

Аталған жиында есірткіні өндіруге, таратуға күрес және олардың шешілу жолдары, олардың зияны мен зардаптары туралы түсіндірілді.

Кездесуде жастармен ашық диалог құрылып, олардың тарапынан көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Кездесу соңында прокуратура қызметкерлері тарапынан салауатты өмір салтын ұстануға және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі атап өтілді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі