Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның басты мақсаты -кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарының алдын алу.
Полицейлер рейд барысында, жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде өте мұқият болуды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертсе, ал жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ рейдтік тексеріс кезінде заңды өкілінсіз яғни ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген 14-жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.