Мектеп оқушыларына заңды құқықтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жұлдыз Тасқұлова мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.  Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Полиция қызметкері оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.

«Тұрмыстық зорлық — бір адамның екінші адамға немесе туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Сондықтан бұл жағдайда қорықпастан, міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеміз», – деді полиция капитаны Ж.Тасқұлова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – ол отбасы мүшесіне, сонымен қатар, үй, пәтерде бірге тұрып жатқан адамға немесе бөлек тұрып жатқан күйеуі не әйеліне көрсетілетін зорлық-зомбылық болып табылады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың даму тарихына жүгінетін болсақ, зорлық-зомбылық және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық халықтың жекелеген топтарына, мекендеу аймағы мен жергілікті жерге ғана тән емес, ол жаҺандық сипатқа ие. Таралу көлемдерінің ұлғаюына байланысты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесінің бүгінгі күні халықаралық деңгейде маңыздылығы артып отыр. Әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық әрбір құрлықта әрбір мемлекет пен мәдени ортаның шешімі болып табылмаған проблемасы болып қала береді. Зорлық-зомбылық бүкіл әлемде жалғасып келеді. Отбасындағы зорлық-зомбылық ерте және мәжбүрлі некелер, жыныстық зорлық-зомбылық және әйелдердің жыныс мүшелерін зақымдау сияқты зиянды дәстүрлерді қамти отырып, әр түрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін. Бұл зорлық-зомбылық әлеуметтік және экономикалық санаттарына, этникалық және нәсілдік қатыстылығына, діни көзқарасына және білім деңгейіне қарамастан адамдардың барлық санаттарын қамтиды.

Сөз соңында оқушылар арнайы мамандарға сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.