Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес өкілі «Аңсай» кен орнында барит өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты ресімдеу кезінде облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан құқықтық қатынастарда әкімшілік кедергілер туындағаны туралы шағым түсірді.
Кәсіпкердің шағымын облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қарау барысында кәсіпкердің қолында жер комиссиясының шешімі мен рұқсат беру құжаттары бола тұрып, құқық белгілейтін құжатты ресімдеу мәселесін қарау кезінде негізсіз кедергілер жасалғаны белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тікелей қатысуымен кәсіпкер мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша облыс әкімінің жер қойнауын пайдалану жөніндегі жер учаскесіне құқық беретін қаулысы шықты. Осылайша, кәсіпкердің құқықтары құқық белгілейтін құжатты алу жолымен қорғалды.