«Жанубий Қозоғистон» газетіне жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаевтың бұйрығымен Райымжан Артықбайұлы Алибаев «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы болып тағайындалды.

Райымжан Артықбайұлы 1977 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.

1986-1991 жылдары Түркістан қалалық балалар музыка мектебінде оқыған.

Еңбек жолын 1994 жылы қалалық «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің өзбек бөлімінің корректоры болып бастаған.

1997 жылы компьютерші-аудармашы, 2005 жылы өзбек бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.

2022 жылдан бері «Туркистон» газетінің редакторы және редакция меңгерушісі қызметінде болған.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі