Түркістан облысында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті

полиция

Түркістан облысы Полиция департаментінің үлкен залында учаскелік және патрульдік полиция инспекторларының слеті өтті. Полицияның бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, ІІО жеке құрамының патриоттық және адамгершілік тәрбиесін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға жаңадан тағайындалған майталман маман ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков төрағалық етті.

Сондай-ақ іс-шараға департамент бастығы Мұрат Қабденов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев, Консультативтік кеңесші орган, ардагерлер кеңесі, ііо ардагерлері, полицияның сыртқы құрылым қызметкерлері, 17 қала, ауданның полиция басшылары мен жеке құрамы қатысты.

– Кездесу барысында облыс полициясының атқарып жатқан жұмыстары, цифрландыру, идеология мен имидж, қылмысты ашу мен алдын алу профилактика мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы қысқа метражды фильм көрсетілді.

Сонымен қатар мінберге шығып, мән мағынаға толы сөздерін полицияға жеткізген генерал тәртіп сақшыларының рухын көтерді: «Президентіміз айтқандай мызғымас мемлекетті біз бірлесе жұдырықтай жұмыла қызмет атқара отырып сақтап қаламыз. Әрбір полиция қызметкері өз міндетіне адал, жанашыр және мәдениетті болуы керек. Осы қасиеттер әрбіріңіздің бойыңызда табылғанда ғана сіздерге баға беретін халық та ақ батасын айтып, алғыс арқалайтын боласыздар. ІІМ Ержан Сапарбекұлы осы жылды «кадр әлеуетін жақсарту жылы» деп атап, нақты бағыттар көрсетті,» — деп атап өтті Айдар Сайтбеков.

Сонымен қатар жиында консультативтік кеңесші органның төрағасы, ішкі істер органдарының құрметті ардагері Мұхтар Ермеков, ҰҰ және облыс бойынша ІІО ардагерлер алқасының төрағасы Оспанғазы Жанқожаев тар сөз сөйлеп, сақшыларды жігерлендірді.

Слет соңында ҚР ІІМ Е.Саденовтің бұйрығымен ішкі істер органдарында ең жоғары дәрежелі марапаттардың бірі болып саналатын «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов марапатталды.

Министр орынбасары жаңа ғимаратты аралап, полиция құрылымдары басшыларының қызметтегі дайындықтарын тексеріп, кеңестер берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі