ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың келісімімен, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Сұлтанбек Асанұлы Үсіпбеков тағайындалды.Полиция полковнигі Сұлтанбек Үсіпбеков әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған, ішкі істер органындағы қызметін 2003 жылдан бастаған тәжірибелі маман. Жас та болса бас болған тәртіп сақшысы, соңғы уақыттары ТО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

ТО ПД баспасөз қызметі