Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі . Оның айтуынша құрылыс алаңындағы 1 бума темір арматурасын белгісіз азамат ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Хабар алысымен тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап, куәгерлерден жауаптар алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, өзінің тұрғылықты үйінен ұстады. Оны бірден Түркістан ҚПБ-ның тергеу бөліміне жеткізді. Күдікті бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы қолхатта. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.Белгілі болғандай күдікті азамат кешкі сағат 20:00 шамасында көше бойында келе жатып, құрылыс алаңындағы темірлерге көзі түскен. Осылайша оңай жолмен ақша табуды көздеп, арам ойын іске асырған. Содан соң қолды болған арматураларды өз үйіне жасырып, сатуға қолайлы уақытты күткен. Алайда ойға алған шаруасы іске аспастан, полиция қызметкерлерінің құрығына түскен. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын, ал, көліктеріңізге дабылқаққыш орнатыңыздар. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолына тосқауыл боларымыз анық. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.