Мүгедек адамдардың құқықтары қорғалды

Түркістан қаласының прокуратурасы талдау барысында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет алу кезінде мүгедектерден заңсыз мемлекеттік баж төлету фактілерін анықтады деп жазады ntime.kz ақпараттық агенттігі Түркістан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 618-бабына және ҚР Әділет министрінің 25.02.2015ж. №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру қағидаларына» сәйкес мүгедектер азаматтық хал актілерін тіркеу барысында мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Алайда заңнаманың аталған талаптарына қайшы 7 мүгедек адамнан баж төлемдері алынған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде алынған баж төлемдері қайта есептеліп қайтарылды, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.