Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды

дүкеннен

Полиция қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан әйелдер киім дүкенінен бірнеше рет киім-кешек ұрлаған Жуалы ауданының тұрғынын ұстады.

Ол алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне ұрланған заттарды алып шыққан. Кейінірек Шымкент қаласындағы базарлардын біріне апарып, сатқаны анықталды.
Дүкен иесіне жалпы сомасы 2 005 500 теңге көлемінде шығын келтірілген.
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.